Қазақстанда ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады

Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрайды.

Қазақстанда басым салалардағы ірі 17 жоба негізінде 25 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі. 

"Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды", – делінген Үкімет хабарламасында. 

Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды: 

  • өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі; 
  • экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану; 
  • өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс; 
  • ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер. 

Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.

Еске салайық, президент өзінің "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті. 

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз