Қазақстанда ипотекаға сұраныс 13 пайызға төмендеген

Банктер мұны "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемнің өсуімен байланыстырып отыр.

Қазақстанда ипотекаға сұраныс төмендеді. Яғни, қаңтар-наурыз айларында өтініш бергендер саны өткен жылмен салыстырғанда 13 пайызға азайған, – деп хабарлады krisha.kz.

Ұлттық банктің жүргізілген сауалнамасы нәтижесінде ипотекаға сұраныстың төмендеуі ірі банктерде орын алғаны анықталды.

"Банктер мұны "7-20-25" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ай сайынғы төлемнің өсуімен байланыстырады. Сондай-ақ, әр жылдың басындағы маусымдық фактор да бұған әсер етіп отыр", – деп атап өтті ұлттық банк.

Банктерде несие беру шарттары пайыздық мөлшерлеменің өсуіне байланысты күшейтілген. Ал ірі банктерде кепілге қойылатын талаптар азайған.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз