Қазақстанда доллардың бағамы күрт төмендеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар бір күнде 3 теңгеден астам арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,17 теңгеге төмендеп, 447,80 теңге болды.

Ұлттық банктің 14 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы – 450,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанада айырбастау пункттерінде долларды 446,01 теңгеден сатып алып, 453,01 теңгеден сатуға болады. Еуро 516,01–526,01 теңге, рубль 5,05–5,26 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Алматыда доллардың сатып алу бағасы орта есеппен 446,76 теңге, сату бағасы 448,90 теңге болды. Еуроны 515,97 теңгеден сатып алып, 521,50 теңгеден сатуға болады. Рубльдің бағамы 5,08–5,20 теңге аралығында.

Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар 447,60 теңгеден сатып алынып, 449,69 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағасы 517,85–523,23 теңге, ал Ресей рублі 5,12–5,19 теңге аралығында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау