Қазақстанда доллар бағамы 462 теңгеден асты

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
KASE-дегі жаңа бағам белгілі болды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы айтарлықтай қымбаттады.

Сауда нәтижесінде америкалық валютаның орташа бағамы 3,28 теңгеге өсіп, 462,30 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 458,87 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы айырбастау орындарында доллар 459 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның сатып алу бағамы – 531 теңге, сату бағамы – 541 теңге. Рубль 5,15-5,35 теңге аралығында айырбасталады.

Алматыда доллар орта есеппен 461,72 теңгеден сатып алынып, 463,66 теңгеден сатылуда. Қаладағы айырбастау пункттерінде еуроның бағамы 535,91-541,01 теңге, ал рубль 5,19-5,33 теңге аралығында.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау