Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475,09 теңгені құрап, 3,06 теңгеге арзандады.
Қазақстан Ұлттық банкінің 1 сәуірге белгілеген ресми доллар бағамы – 478,77 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 474,22 теңге, ал сату бағамы – 476,47 теңге.
Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 473 теңгеден сатып алып, 480 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 475,08 теңгеден сатып алып, 477,2 теңгеден сатып жатыр.