Қазақстанда доллар 458 теңгеге дейін арзандады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Теңге бір күнде 3 теңгеден астам нығайды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,45 теңге болды. Осылайша, теңге бір күнде 3,12 теңгеге нығайды. 

Қазақстан Ұлттық банкі 1 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 462,31 теңге деңгейінде белгіледі.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 458,21 теңгеден сатып алып, 460,27 теңгеден сатып жатыр.

Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 456 теңгеден сатып алып, 463 теңгеден сатып жатыр.

Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы 458,44 теңге, ал сату бағамы 460,54 теңге болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау