Қазақстанда бүгін докторантураға құжаттар қабылдау науқаны басталды, ол 10 қарашаға дейін жалғасады. Құжаттар еліміздің жоғары оқу орындарында қабылданса, емтиханға қатысу үшін өтінішті www.app.testcenter.kz сайтында беру қажет. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.
Докторантураға түсу емтиханына қатысу ақылы, оның құны 21 072 теңгені құрайды.
Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, өтініш беру кезінде үміткерлер емтиханды қай қалада тапсырғысы келетінін таңдай алады. Ал түсу емтиханын тапсыру орны мен уақыты туралы ақпарат 27 қарашада Жеке кабинеттің "Менің іс-әрекетім" бөлімінде жария болады.
Докторантураға құжат тапсырушылар міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификатты ұсынуы қажет. Сондай-ақ, докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша, оның ішінде индустриялық PhD бағдарламалары бойынша докторантураға шекті балл – 50 балл.
USD:
514.3 / 516.9
EUR:
602.5 / 607.5
RUB:
6.39 / 6.51

