Тікелей эфир

Президент үкіметке магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың құнын көтеруді тапсырды

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға конкурстық негізде бөлінетін гранттарды жыл сайын қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында жас ғалымдарға жан-жақты қолдау көрсету қажеттігін айтты.

«Грант есебінен қаржыландырылатын жобалардың үштен бірі жас ғалымдарға бөлінеді. Әрине, мұндай жобалардың санынан гөрі сапасы маңыздырақ. Жас ғалымдарға конкурстық негізде бөлінетін гранттарды жыл сайын қаржыландыруды арттыру қажет. Қазір біздің жас ғалымдар әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өте алады.Бұл жақсы үрдіс, оны жалғастыру керек.Менің тапсырмам бойынша жүзеге асырылып жатқан «Жас Ғалым» бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Әлеуетті қатысушылардың тізімін ғылыми институттар мен ұйымдардың жас ғалымдарымен толықтыру керек деп есептеймін», – деді президент.

Оның айтуынша, ғалымдарға постдокторантура бойынша шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігін беру қажет.

«Сонымен қатар, олардың лайықты стипендиямен қамтамасыз етілуі және ғылыми-зерттеу жұмыстарына толық көңіл бөле алуы маңызды. Алайда, шетелде тағылымдамадан өту бағдарламасының түлектері арасында тек 1,6% ғана докторанттар. Бұл өте төмен көрсеткіш. Үкімет осы теңгерімсіздікті жою үшін нақты шараларды пысықтау қажет. Біздің университеттердегі барлық студенттердің арасында докторанттардың үлесі төмен болып қалып отыр. Өткен жылы мен докторантураға қабылдауды жыл сайын 5 мың адамға дейін арттыруды тапсырған болатынмын. Бұл міндетті жүзеге асыру жаңа білім беруді талап етеді. жақындайды», – деді мемлекет басшысы.


Оқи отырыңыз: Су тасқыны, орман өрті және Алматыдағы жер сілкінісі осыны айқын аңғартты


Ол үкіметтің магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттар құнын көтеру қажеттігін айтты.

«Өте маңызды мәселе – білікті кадрларды іріктеу, даярлау және олардың ғылым саласында қалуына жағдай жасау. Гранттардың санын көбейту, олардың құнын арттыру, бұл мәселеге баса назар аудару қажет. Өткен жылы 1500-ден астам докторанттың 38 пайызы ғана диссертация қорғады.Олардың тек жартысы ғана ғылыммен айналысуда. Бұл өте төмен көрсеткіш, әсіресе ғылым докторларын даярлауға қыруар қаржы жұмсалғанын ескерсек. Осы мәселені жан-жақты зерттеп, жағдайды түзету үшін қажетті шараларды қабылдаңыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктестер жаңалықтары