Тікелей эфир

Қазақстанда бірыңғай операторлардың мәртебесін жою ұсынылды

2021 жылдан бері олардың саны 51-ден 41-ге азайған.

Қазақстанда монополиямен күрес аясында бірыңғай операторларды операторлық мәртебеден айыру жоспарланып отыр. Бұл заңнамалық актілерден операторлардың жекелеген қызмет түрлерін іске асыруға айрықша құқықтарын алып тастау арқылы жүзеге асырылмақ.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылдан бері 10 бірыңғай оператордың жұмысына өзгерістер енгізілген. Олардың бесеуі ("Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ, "КОРЭМ" АҚ, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ, "ТКШ жаңғырту және дамыту ҚазОрталығы" АҚ, "Республикалық электрондық орталық" ШЖҚ РМК) ведомстволық бағынысты ұйым болып қайта құрылса, қалғандары жекешелендірілген және таратылған. Монополиямен күресті күшейту мақсатында агенттік заңнамалық актілерден операторлардың жекелеген қызмет түрлерін іске асыруға айрықша құқықтарын алып тастауды ұсынып отыр. 

"Бұл операторлық мәртебеден айыруға әкеп соғады", – делінген агенттіктің құжатында. 


Оқи отырыңыз: "Бірыңғай оқу платформасы бәсекені жояды". Білім беру мамандары президент тапсырмасына неге қарсы?


 

Серіктестер жаңалықтары