Республикада бала туу көрсеткіші соңғы үш тоқсан қатарынан артып келеді.
2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 100 500 бала дүниеге келді. Бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Өткен жылмен салыстырғанда туу көрсеткіші 8,4% артқан. Мұндай деректер Ranking.kz зерттеуінде келтірілген.
Салыстыру үшін:
- 2020 жылдың І тоқсанында 92,7 мың сәби дүниеге келді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,8% көп;
- 2019 жылдың І тоқсанында 91,9 мың бала туды. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 0,8% аз.
Жалпы елде "беби-бум" үш тоқсан қатарынан, яғни 2020 жылдың ІІІ тоқсанынан бастап жалғасып келеді. Үшінші тоқсанда 116 700 сәби туды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,4% көп. 2020 жылдың IV тоқсанында да осыған ұқсас жағдай болып, 111,7 сәби дүние есігін ашты. 2019 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда 9,5% көп.
Өткен жылы жалпы 425 мың сәби дүниеге келді, алдыңғы жылмен салыстырғанда 6% көп. 2019 жылы туу көрсеткіші тек 1,3% артқан.
Биыл І тоқсан қорытындысы бойынша, халық саны 18,94 млн адамға жетті. Осы орайда нәрестелер санының көбеюіне байланысты "Отбасы банк" пен Bank RBK балаларға арналған депозит ұсынды.
"Отбасы банкте" екі өнім бар:
- Жаңа туған нәрестеге жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 14%-ға дейін баратын "Балалар депозиті". Депозит сәби 18 жасқа толған кезде 3,5% мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік береді;
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6%-ға дейін жететін "Арнау" депозиті. Бұл депозитті ашқандар баласы 18 жасқа толғанда 2% (ЖТСМ – 2,1%) мөлшерлемемен тұрғын үй заемын ала алады.
Екі депозитке де мемлекет тарапынан сыйлықақы беріледі – жылына 20% (максимум 200 АЕК).
2021 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, "Отбасы банктегі" балалар депозитінің саны 206,9 мыңға жетті:
- 2020 жылмен салыстырғанда – 31,9%;
- 2019 жылмен салыстырғанда 45,1% көп.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-