USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда ардагерлерге төленетін орташа зейнетақы белгілі болды

Фото: shutterstock
Фото: shutterstock
Қазақстанда ардагерлерге әлеуметтік көмек күшейтілген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елде тұрып жатқан соғыс ардагерлеріне төленетін зейнетақы көлемін жариялады.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ай сайын орта есеппен шамамен 290 мың теңге зейнетақы төленеді. Ал соғыс кезінде мүгедектік алған азаматтар үшін бұл көрсеткіш 300 мың теңгеден асады.

"Қаржылай төлемдерден бөлек, ардагерлерге бірқатар әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, олар мемлекет есебінен шипажайларда тегін демалып, медициналық қызметтерді ақысыз пайдалана алады. Сонымен қатар, ардагерлерге тұрғын үй беру, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және азық-түлік көмегін көрсету сияқты жеңілдіктер ұсынылады", – делінген хабарламада.

Бұл іс–шаралар соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды күшейтуге және олардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз