USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

Алматыда 15 соғыс ардагеріне 10 мың доллардан астам төлем жасалды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне материалдық қолдау жасалды

Алматыда Жеңіс күніне орай Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдер берілді, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктің мәліметінше, қалада 15 ардагерге 10 мың доллардан астам материалдық көмек көрсетілді.

"Мұндай қолдау жыл сайын 9 мамыр қарсаңында Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектеріне беріледі. Сондай-ақ 1969 жылы Даманский аралы маңында және Жалаңашкөл көлі ауданында болған әскери қимылдарға қатысқан 17 адамға 200 мың теңгеден төлем жасалды. Бұдан бөлек, 100 мың теңгеден 1353 соғыс ардагерлеріне теңестірілген азамат, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысқан 2955 ардагер, сондай-ақ соғыс жылдарында жанқияр еңбек етіп, орден-медальдармен марапатталған 4713 тыл еңбеккері алды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қайтыс болған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің 191 жұбайына 50 мың теңгеден берілді.

Аталған төлемдер 2023 жылғы 8 желтоқсанда қабылданған Алматы қаласы мәслихатының №73 шешіміне сәйкес жүзеге асырылды. Материалдық көмек "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының тізімдері негізінде, азаматтардың өтінішінсіз төленді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау