Қазақстанда алаяқтар Beeline, Kcell және Activ абоненттеріне 150 мың жалған SMS жіберген

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстан азаматтарының банк деректерін ұрламақ болғандар ұсталды.

Қазақстанда азаматтардың жеке және банк деректерін ұрлауға бағытталған қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Күдіктілер төрт күн ішінде шамамен 150 мың фишинг SMS-хабарлама таратқан, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу мәліметінше, биыл қаңтарда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстанда заңсыз схема ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшаға тартқан. Кейін Астанада арнайы жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа адамдар да схемаға қосылған.

"Күдіктілер SMS-бластер пайдаланған. Құрылғы ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өтіп, көп мөлшерде SMS жіберуге мүмкіндік берген. Нәтижесінде Beeline, Kcell және Activ абоненттеріне төрт күн ішінде белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныс жазылған шамамен 150 мың фишинг хабарлама жіберілген. Хабарламадағы сілтемеге өткен азаматтар жалған сайтқа бағытталған. Онда олардан жеке деректерімен қатар банк картасының нөмірі, CVV-код және SMS арқылы келген растау кодын енгізу талап етілген", – делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, осылайша күдіктілер азаматтардың құпия ақпаратына және банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген.

Тергеу кезінде тәркіленген SMS-бластер арнайы техникалық құрал екені анықталған. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір төрт күдікті қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау