USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Қазақстанда 70 жылдан кейін алғаш рет Амур жолбарысы табиғатқа жіберілді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Қазақстанда жолбарысты тарихи мекеніне қайтару бағдарламасының алғашқы кезеңі басталды.

Қазақстанда 70 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет Амур жолбарысы табиғи мекеніне жіберілді. "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының аумағына Үміт атты аналық жолбарыс жіберіліп, жолбарысты тарихи мекендеу ареалына қайтару бағдарламасының алғашқы практикалық кезеңі басталды.

Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Ресей Федерациясының Әділет министрі Константин Чуйченко, халықаралық табиғат қорғау ұйымдарының және ғылыми қауымдастықтың өкілдері қатысты.

Министрліктің мәліметінше, Оңтүстік Балқаш өңірі мен Іле өзенінің бойы тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының табиғи мекені болған. Алайда өткен ғасырдың ортасында тоғайлы ормандардың азаюы, қорек қорының кемуі және браконьерліктің салдарынан бұл жыртқыш Қазақстан аумағынан толықтай жойылып кеткен.

"Жолбарысты қайта жерсіндіруге дайындық 10 жылдан астам уақыт жүргізілді. Осы уақыт ішінде "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерваты құрылып, жабайы тұяқты жануарлардың саны көбейтілді, арнайы бейімдеу вольерлері мен қажетті инфрақұрылым салынды. 2026 жылғы мамыр айында Ресейден Қазақстанға табиғи ортадан ауланған төрт Амур жолбарысы жеткізілді. Оның екеуі – ересек, екеуі – 6–7 айлық күшіктер. Табиғатқа жіберілер алдында Үміт толық ветеринариялық тексеруден өтіп, аңшылық қабілеті, мінез-құлқы және адамға реакциясы жан-жақты бағаланды. Мамандар оны табиғи ортада өздігінен өмір сүруге дайын деп таныды. Жолбарысқа GPS/GSM спутниктік қарғыбау тағылып, қазір оның қозғалысы мен жаңа ортаға бейімделуі тәулік бойы спутниктік жүйе мен фототұзақтар арқылы бақыланып жатыр", – делінген хабарламада.

Ал аталық жолбарыс әзірге бейімдеу кезеңінде қалып, қажетті сынақтардан өтуді жалғастырады. Екі жас жолбарыс 18 айлық жасқа дейін арнайы вольерлерде өсіріліп, кейін олардың табиғатқа жіберілуі туралы жеке шешім қабылданады.

Бағдарламаның түпкі мақсаты – Іле өзені мен Оңтүстік Балқаш өңірінде жолбарыстың тұрақты популяциясын қалыптастыру.

Ғалымдардың айтуынша, молекулалық-генетикалық зерттеулер Тұран және Амур жолбарыстарының генетикалық тұрғыдан өте жақын екенін дәлелдеген. Осыған байланысты Амур жолбарысы тарихи ареалда жолбарыс популяциясын қалпына келтіруге ең қолайлы түр ретінде таңдалған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау