USD: 473.1 / 476.1
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +36C
Все города

140 мың қазақстандықты жалған тіркеген: МӘМС-тегі заңсыз схема анықталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
МӘМС қаржысына қатысты ірі схема әшкереленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі медициналық ұйымдардың 140 мыңға жуық азаматты жалған тіркеп, көрсетілмеген қызметтер үшін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қорынан заңсыз қаржы алған схемаларын анықтады. Қазір бұл фактілер бойынша 36 қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚМА. 

ҚМА-ның алдын ала есебіне сәйкес, мемлекетке келтірілген шығын 3,5 млрд теңгеден асады.

Түркістан облысында Жетісай көпсалалы аудандық ауруханасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мәліметінше, МӘМС аясында бөлінген қаражат іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетпеген және тауар жеткізбеген 20-дан астам жеке кәсіпкердің есепшоттарына аударылған.

Ведомствоның мәліметінше, кәсіпкерлердің деректемелері ақшаны заңсыз шығарып, кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланылған. Бұл іс бойынша мемлекетке 501 млн теңгеден астам шығын келген. Екі күдікті қамауға алынған.

"Астанада Forte Clinic ЖШС-нің басшысы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан заңсыз қаржы алу схемасын ұйымдастырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның сыбайласы – Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қызметкері азаматтарды заңсыз тіркегені үшін 3 жылға сотталды. Тергеу барысында клиникаға 15 мыңнан астам азаматтың заңсыз тіркелгені және Damu Med ақпараттық жүйесі арқылы 79 млн теңгенің жалған медициналық қызметі рәсімделгені анықталған. Ал Алматы облысында Mydental.kz ЖШС мен "Стоматология Dr. Nurzhanova" ЖШС клиникаларының басшысы пациенттерге нақты қызмет көрсетпей, жалған құжат рәсімдегені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Тергеу барысында 4,5 мыңнан астам жалған медициналық қызмет көрсету фактісі анықталып, мемлекетке 66 млн теңге шығын келтірілген", – делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл бағыттағы тексеру және тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау