USD: 485.9 / 488.9
  • EUR: 562.0 / 567.0
  • RUB: 6.41 / 6.53
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда 70, 80, 90 жасқа толған қаламгерлер "Қалам рухы" мүсіншесімен марапатталады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оның алтын, күміс және қола түрлері бар.

Қазақ әдебиетінің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, халық мойындап, қалың оқырманы қалыптасқан және мерейлі 70, 80, 90 жасқа толған қаламгерлерге "Қалам рухы" статуэткасы беріледі, деп хабарлады Қазақстан Жазушылар одағы

Тұжырымдамаға сәйкес, "Алтын қалам", "Күміс қалам" және "Қола қалам" болып белгіленген "Қалам рухы" статуэткасы – сөз өнеріне адалдықтың, шығармашылық биіктік пен ұлттық рухтың символы, қаламгердің қоғамдағы орны мен миссиясын көркем кескін тілінде бейнелейді. 

"Алтын шар пішіні – әлем, ғалам және ой кеңістігі ұғымдарын білдіреді. Шар бетіндегі толқын сызықтар адам ойын, тағдыр жолдарын, тарих пен уақыт ағысын бейнелейді. Сол күрделі өмір ағысын сөзбен өрнектейтін өнер – әдебиет, яғни суреткер сөзі бір ұлтқа ғана емес, бүкіл адамзатқа ортақ рухани кеңістікке әсер етеді. Композицияның ортаңғы, басты элементі – қалам ұшына ұқсас көркем мүсін. Жазушының басты қаруы, ойды мәңгі ететін құрал – жоғары қарай созылған қалам бейнесі рухтың биіктігін, шабыттың шексіздігін, сөздің құдіретін білдіреді", – делінген одақтың хабарламасында. 

Фото: Қазақстан Жазушылар одағының Facebook парақшасы

Статуэтка авторлары – ҚР суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, зергер, халықаралық және республикалық танымал жобалардың дизайнері Қамбар Есмұханов және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Орал Таңсықбаев атындағы алтын медаль иегері Шаттық Батан.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз