USD: 474.5 / 478.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.77 / 5.89
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Қазақстанда 481 адам тұңғыш рет "Құрметті донор" наградасымен марапатталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасайды.

Қазақстанда 481 тұрақты донор "Құрметті донор" марапатының алғашқы иегері атанды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі

Ведомстволық төсбелгі Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға өтеусіз негізде донорлық жасағаны үшін беріледі. Атап айтқанда, қан және (немесе) тромбоцит донорлығы – кемінде 40 рет, қан плазмасының донорлығы – кемінде 70 рет болуы тиіс.

Министрліктің жазуынша, төсбелгілер Қазақстан теңге сарайында әзірленеді. Медальдің әрбір бөлшегі терең мағыналық мәнге ие және Қазақстан Республикасы Геральдика жөніндегі республикалық комиссиясы бекіткен. 

Сурет: Денсаулық сақтау министрлігі

Бекітілген дизайнға сәйкес төсбелгінің негізгі символы қанық қызыл түсті эмальмен көмкерілген қан тамшысы түрінде жасалған. Тамшының ішінде ақ түсті эмальмен бейнеленген жүрек соғысының графикалық ырғағы орналасқан. Барлық композиция күңгірт өңделген дөңгелек жиекпен қоршалған. 

Жыл сайын Қазақстанда 180 мыңнан астам азамат донор атанып, 255 мыңнан астам донорлық рәсім жасайды. Соның нәтижесінде жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке сапалы қан құю көмегі көрсетіліп, олардың өмірін сақтап қалуға және сауығуына мүмкіндік беріледі. Жұмыс істейтін донорлар орташа жалақысы сақтала отырып жұмыстан босатылады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау