2025 жылы Қазақстанда донорға мұқтаж 342 адам көз жұмды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазіргі таңда мұндай мұқтаж жандардың саны – 4506.

2025 жылы Қазақстанда трансплантация кезегінде тұрған 342 адам донорлық ағзаның болмауына байланысты қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында жазылған. 

"Бүгінгі таңда күту парағында балаларды қосқанда 4506 пациент бар. Тек 2025 жылы донорлық ағзалардың болмауына байланысты 342 адам трансплантаттауды күте алмай, көз жұмды. Жыл ішінде кадрларды даярлау күшейтілді: трансплантаттауды үйлестіру бойынша сертификаттау курсы енгізілді (168 маман), 42 дәрігер шетелде оқудан өтті. Медициналық көмек стандарттары жаңартылды, заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар дайындалды", – делінген хабарламада. 

Дегенмен, өткен жылы 68 адамға донор транспланттау отасы сәтті өткен. Бір жылдың ішінде қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 18 донорлық процесс жүргізілді, бұл өмірлік маңызды ағзаларды 68 трансплантаттауға мүмкіндік берді. 

"Бұл ретте 184 әлеуетті донор анықталды, жүйе жұмыс істейді, бірақ қоғамның сенімі мен хабардарлығы мәселесі шешуші болып қала береді", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. 

Серіктестер жаңалықтары