Жаңа оқу жылында 8 мыңнан астам мектеп жұмыс істейді. Оқушылар саны қанша болады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Биыл 4,1 млн-нан астам бала мектепке барады.

2026-2027 оқу жылында Қазақстанда 8 048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Бұл 2024-2025 оқу жылымен салыстырғанда 128 мектепке көп, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында елде жалпы сыйымдылығы 18 090 оқушыға арналған 32 мектеп пайдалануға берілген.

"Сонымен қатар осы кезеңде 4 207 орынға арналған 32 мектепке дейінгі ұйым іске қосылған. Жаңа нысандардың ішінде 14 мектеп пен 26 мектепке дейінгі ұйым ауылдық жерлерде салынған. Жаңа мектептердің ең көбі Түркістан және Атырау облыстарында салынған", – делінген хабарламада. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылында мектептерге 4,1 млн-нан астам бала қабылданады деп жоспарланып отыр. Оның ішінде 380 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа барады.

Салыстыру үшін, 2025-2026 оқу жылында Қазақстан мектептерінде 3,9 млн-нан астам оқушы білім алған. Олардың 363 мыңнан астамы бірінші сыныпқа барған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау