USD: 484.7 / 487.7
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.37 / 6.51
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда 2,5 млн адам зейнетақы алады: үкімет әлеуметтік қолдау көрсеткіштерін жариялады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Үкімет халықты қолдау нәтижелерін атады.

Қазақстанда 2,5 миллионнан астам адам зейнетақы алады, ал 630 мыңнан аса көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қамтылған. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметке сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік бағдарланған мемлекет құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында халықты қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Үкіметтің хабарлауынша, қазіргі таңда 544 мыңнан астам азамат мүгедектік бойынша мемлекеттік қолдау алады. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі шамамен бір миллион тұрғын жаңа медициналық инфрақұрылымның игілігін көріп отыр.

Білім беру саласында да көрсеткіштер артқан. Соңғы бес жылда елімізде білім гранттарының саны 93 мыңнан асқан.

"Бүгінде елімізде әлеуметтік қолдаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасқан. Ол тегін медициналық көмекті, мемлекеттік жәрдемақыларды, зейнетақымен қамсыздандыруды, білім мен ғылымды қолдауды, ана мен баланы қорғауды, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған арнайы бағдарламаларды қамтиды", – делінген Үкімет хабарламасында.

Үкімет өкілдерінің мәліметінше, әлеуметтік қолдау шаралары қаржыландыру көлемі жағынан да, қамтылатын азаматтар саны бойынша да бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз