USD: 472.9 / 475.5
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Қазақстанда 21 мыңнан астам жас әскерге шақырылды: ең көп сарбаз қай құрылымға жіберілді

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
21 мыңнан астам қазақстандық көктемгі әскерге шақыру аясында әскери қызметке кірісті.

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны аяқталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат әскери қызметке шақырылды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, көктемгі шақыру науқаны барысында 21 мыңнан астам жас әскери қызметке жіберілді.

Олардың ішінде:

  • 11 мыңнан астамы – Қарулы күштер қатарына;
  • 7 мыңнан астамы – Ұлттық ұланға;
  • 2 мыңға жуығы – Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне;
  • 400 адам – Төтенше жағдайлар министрлігіне;
  • 300 азамат – Мемлекеттік күзет қызметіне жолданды.

Министрлік мәліметінше, әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жіберілген. Ал әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату рәсімдері автоматты түрде жүргізілген.

Ведомствоның айтуынша, әскери қызмет барысында жастар еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандықтарын меңгере алады. Сонымен қатар сарбаздарға әскери қызмет кезеңінде несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігі қарастырылған.

Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен әскери қызметшілер жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім грантымен түсе алады. Ал қалған сарбаздарға жоғары оқу орындарының ақылы бөліміне ҰБТ тапсырмай-ақ құжат тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау