USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +26C
Все города

Қазақстанда 2025 жылы 232 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Биыл әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 132,9 миллиард теңге төлеу көзделген.

2025 жылғы 1 мамырға 43,4 мың отбасындағы 232,5 мың адамға 10,4 миллиард сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

"Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты – ақшалай қолдау, отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, сол арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару", – делінген хабарламада.

Атаулы әлеуметтік көмек:

  • табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға;
  • табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға төленеді.

"Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сонымен қатар электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау