Тікелей эфир

Қазақстанда 2 жылда жас ғалымдардың саны мыңға артты

2021 жыл қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді.

2018 жылы Қазақстанда ғалымдар саны 8 мыңнан астам болса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ғылым саласында 9 200 жас қызметкер еңбек етеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева хабарлады.

Оның айтуынша, жас зерттеушілерді қолдау үшін мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында ғалымдар саны артқан. Ғылым саласын бюджеттен қаржыландыру соңғы екі жылда 2 есеге жуық өсіп, ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру мерзімі 5 жылға дейін ұзартылған. Егер бұрын гранттар конкурсы 3-5 жылда бір рет өткізілетін болса, қазір олар жыл сайын өткізіледі. Жас ғалымдар үшін жеке гранттар да қарастырылған.

"Магистранттар мен докторанттардың стипендиялары айтарлықтай өсті. Жас зерттеушілерге арнайы сыйлықтар тағайындалды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстандық ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Осылайша, жас ғалымдардың ғылыми идеялары мен әлеуетін жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр", – деді Жанна Құрманғалиева.


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары