Тікелей эфир

Жыл сайын 50 үздік ғылыми қызметкерге 5 миллион теңге сыйақы беріледі

500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді жыл сайын 50 үздік ғылыми қызметкерге 5 млн теңге көлемінде сыйақы тағайындалатынын мәлімдеді.

"Мұндағы механизм "ЖОО үздік оқытушысы" конкурсына ұқсас болады. Бұл "Ғылым туралы" Заңға енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүмкін болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2020 жылы министрлікке қарасты ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жұмысын жандандыруға бағытталған жаңа бюджеттік бағдарлама ашылып, 2,8 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 23 ғылыми-зерттеу институтына жабдықтар сатып алынды", – деп жазды Асхат Аймағамбетов Facebook желісіндегі парақшасында.


Оқи отырыңыз: Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы


Министр биылдан бастап 500 ғалым әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілетінін және "Жас ғалым"  жобасы аясында 1 000 грант бөлінетінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары