USD: 466.7 / 469.1
  • EUR: 533.5 / 538.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда 172 шипажай бар. Оның 72-сі Түркістан облысында орналасқан

Оның 127-сі жекеменшік, 42-сі мемлекеттік, 3-еуі шетел меншігінде.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 172 сауықтыру ұйымы тіркелген. Оның ішінде 109 санаторий, 27 оңалту орталығы, 9 профилакторий, 9 мамандандырылған және басқа да санаторийлар бар.

"Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі, яғни, 127-сі жекеменшік, 42-сі мемлекеттік, 3-еуі шетел меншігінде. Қала аумағында 66, ауылдық жерде 106 шипажай орналасқан"– делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда жыл сайын 3 денешынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді


Өңірлерде курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.

"Түркістанда 72 ұйым жұмыс істейді. Ақмола облысында – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орыны бар" – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау