Қазақстан шипажайларында демалған туристер саны 30% өсті

Осының арқасында Қазақстанның қонақ үйлері 102 млрд теңгеден астам табыс тапты.

2022 жылы отандық курортты аймақтарда демалған туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 30% өсті. Осының арқасында Қазақстанның қонақ үйлері 102 млрд теңгеден астам табыс тапты. Көрсетілген қызметтер көлемі 2021 жылмен салыстырғанда екі есеге жуық өсті. Сондай-ақ курортты аймақтардағы төсек-орындардың саны 102 мыңнан 106 мың бірлікке дейін артты, деп хабарлайды ҚР МСМ баспасөз қызметі.

Пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда Қазақстанның курортты аймақтарында туристер саны үш есе, ал көрсетілген қызметтер көлемі 6 есе өсті.                                                                                                                           

Бұл ретте саяхатшылар көбінесе Алматы тау кластерінде, Бурабайда, Маңғыстау курортты аймағында және Алакөл көлінің жағалауында тоқтайтынын айта кеткен жөн.


Оқи отырыңыз: Корея мен Қазақстан өзара туризмді қалай дамытып жатыр?


"Қазіргі уақытта ең танымал бағыттар бойынша туристік инфрақұрылымды дамытуда белсенді жұмыс жүргізіліп отыр. Біздің мақсатымыз – бірнеше жыл ішінде ішкі туристердің жалпы санын 11 млн адамға дейін, ал кіретін туристерді – 4 млн адамға дейін ұлғайту үшін курорттар мен демалыс аймақтарының қолжетімділігін, сондай-ақ сыйымдылығын арттыру, атап айтқанда, қазір жаңа нысандар салынып жатыр, ал туризм саласындағы кәсіпкерлер субсидия алып келеді", – деп атап өтті ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз