Қазақстанда 15 қыркүйекте ауа райы қандай болады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Солтүстікте жаңбыр, оңтүстікте +33°C болады.

15 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады. Оңтүстік пен батыс өңірлерде ауа температурасы жоғары болса, солтүстік аймақтарда салқындау ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Алматыда түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C болады. Күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді.

Шымкентте ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C-қа дейін көтеріледі. Түркістанда күндіз +31…+33°C, Қонаевта +30…+32°C болады.

Талдықорғанда түнде +7…+9°C болғанымен, күндіз ауа +29…+31°C-қа дейін жылынады. Таразда +28…+30°C, Қызылордада +28…+30°C күтіледі.

Батыс өңірлерде де күн жылы болады. Атырау мен Ақтауда күндіз +30…+32°C, Ақтөбеде +27…+29°C, Оралда +23…+25°C болады. Оралда таңертең тұман түсуі мүмкін.

Астанада түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C болады. Жауын-шашын күтілмейді, алайда күндіз батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанайда күндіз +19…+21°C, Қарағанды мен Павлодарда +18…+20°C, Көкшетауда +16…+18°C болады. Бұл қалалардың барлығында желдің екпіні күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Өскемен мен Жезқазғанда күндіз +23…+25°C болады.

Петропавлда ауа райы салқындау әрі жауын-шашынды болады. Түнде +10…+12°C, күндіз +16…+18°C күтіледі. Бұлтты ауа райы орнап, жаңбыр мен найзағай болжанады. Батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау