Бопсалау, адам ұрлау: Қазақстанда 24 қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

Фото: ҰҚК
Фото: ҰҚК
Заңсыз кіріс көздері анықталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің бірқатар өңірінде 24 қылмыстық топтың мүшелерін ұстады.

ҰҚК мәліметінше, бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам, оның ішінде қылмыстық топтардың жетекшілері қолға түскен.

Арнайы операция барысында шекара маңындағы аумақтарда, сондай-ақ өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында қылмыстық схемаларды ұйымдастыруға байланысты заңсыз кіріс көздері анықталып, жойылған.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады ҰҚК.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау