Тікелей эфир

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекінің бағасы көтеріледі

Қазір ең арзан темекі 650 теңге тұрса, шілдеде кем дегенде 710 теңге болады.

1 шілдеден бастап Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды. Қаржы министрінің тиісті бұйрығы шілде айынан бастап күшіне енеді.

Қазір елімізде фильтрлі, фильтрсіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекісі бар өнімдердің бір қорабы ең төменгі баға 650 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап – 710 теңгеге, ал 2024 жылдан бастап 770 теңгеге дейін көтеріледі.


Оқи отырыңыз: 4 жылда электронды темекі шегетін жасөспірімдер 3 есе көбейді – Мәжіліс депутаты


Баға 2023-2024 жылдардағы акциз мөлшерлемесінің 14 пайызға өсуімен, өткен жылдағы инфляцияның 20 пайыздан асуымен, темекі өндірісі үшін импорттық шикізат бағасының 20 пайызға қымбаттауымен, сондай-ақ логистикалық нарықтағы қиындықтармен байланысты көтеріледі.

Серіктестер жаңалықтары