Тікелей эфир

4 жылда электронды темекі шегетін жасөспірімдер 3 есе көбейді – Мәжіліс депутаты

Электронды темекі бағасы орташа есеппен 2 мың теңгеден аспайды.

Елімізде темекінің әсерінен жыл сайын 18 мыңға жуық адам көз жұмады. Бұл туралы үкімет отырысында мәжіліс депутаты Нұргүл Тау мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанда электронды темекі бұйымдары қолжетімді бағада сатылады. Бағасы орташа есеппен 2000 теңгеден аспайды.

"Барлық сауда орындарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы электронды темекі қолжетімді бағада сатылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстанда жүргізген зерттеуінің қорытындысына сәйкес, 11 мен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында электронды темекіні тұтыну төрт жыл ішінде 3 есе өскен, ұлдардың 15 пайызы және қыздардың 6 пайызы электронды темекіні бір рет болсын қолданып көрген" – деді депутат.

Депутат вейптер мен оның басқа түрлерін сатуға толығымен тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Серіктестер жаңалықтары