USD: 487.9 / 490.5
  • EUR: 564.0 / 569.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстан халқының 80 пайызы ақша жинамайды

Жинақ ақшасы бар халықтың үлесі 2021 жылғы желтоқсанда бар болғаны 18% болған.

Бұл туралы Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявский айтты, деп хабарлады naryk.kz.

Жинақ ақшасы бар халықтың үлесі 2021 жылғы желтоқсанда 18% (қарашада 16%) болды. Респонденттердің көпшілігі өз жинағын банк депозитінде және қолма-қол ақша түрінде сақтайды. Желтоқсан айында респонденттердің көбі қазіргі уақытты қор жинау үшін қолайсыз кезең деп санады (36%) және олардың үлесі соңғы үш айда өсе түсті. Соңғы жылы жинақтардың төмендегенін атап өткен респонденттердің үлесі 2021 жылғы қарашадағы 19%-дан 24%-ға дейін (2020 жылғы желтоқсандағы 19%) артты.


Оқи отырыңыз: Экономист теңге құнының төмендемей, осы қалпын сақтайтынын болжады


Желтоқсан айында респонденттердің көпшілігі (65%) өткен жылы бағаның өте тез өскенін атап өтті, бірақ бұл көрсеткіш қарашаның мәнімен (74%) салыстырғанда айтарлықтай төмен болды. Өткен айда бағаның серпінін бағалап, айтарлықтай өскенін байқаған респонденттердің үлесі желтоқсанда 58%-ды (қарашада 61%) құрады. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі азық-түлік бағасының өсетінін айтты, олардың үлесі қараша айында 85% құрады.

Сауалнамаға сәйкес, 2021 жылғы желтоқсанда тұтынушылық көңіл-күй индексі аздап көтеріліп, 103,1 (қарашада – 102,4) құрады. Сонымен қатар, өткен жылы жеке қаржылық жағдайды бағалау нашарлады, бірақ болашақ жағдайды бағалау іс жүзінде өзгерген жоқ. Сондай-ақ, халықтың ірі сатып алуларға дайындығында өсім бар – респонденттердің 21%-ы (қараша айында 19%) сатып алу үшін қазіргі уақытты қолайлы көреді.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Елбасының арқасында елде халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз