USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 551.5 / 556.5
  • RUB: 6.07 / 6.21
Тікелей эфир
Алматы +29C
Все города

Қазақстан ұшақтарға Jet A-1 маркалы авиаотынын құюды бастады

Фото: "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС
Фото: "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС
Отын алғашқы болып Uzbekistan Airlines әуе компаниясының ұшағына құйылды.

Алматы әуежайында алғаш рет Jet A-1 маркалы авиаотын ұшаққа құйылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС баспасөз қызметі

Компания жаңа отын түрін Uzbekistan Airlines авиакомпаниясының әуе кемесіне құю жұмыстарын жүргізді.

"Бұл іс-шара – Қазақстанның авиациялық отын нарығын әртараптандыру және отандық авиация инфрақұрылымның мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы маңызды қадам. Бұған дейін ҚМГ-Аэро арқылы халықаралық маршруттарды пайдаланып, Petrochina және қазақстандық логистикалық компаниямен серіктесе отырып Душаньцзы мұнай өңдеу зауытынан (ҚХР) Jet A-1 маркалы авиаотынын жеткізу ұйымдастырылған болатын. Транзит көлемінің артуына байланысты авиакеросин бағыттарын әртараптандыру авиаотынмен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттырады", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, жобаны "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы мемлекет басшысының көлік-логистикалық кешенін дамыту және отандық авиация саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында ҚР Үкіметінің қолдауымен іске асырып жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз