USD: 472.1 / 474.7
  • EUR: 542.0 / 547.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Қазақстан Түркі елдерінің тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Бұған дейін одаққа Әзербайжанның өкілі төраға болды.

Қазақстан Түркі тау шаңғы курорттары одағына төрағалық етеді. Бұл шешім Өзбекстандағы Amirsoy тау шаңғы курортында Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен өткен одақтың II саммитінде қабылданды.

Одақ жарғысына сәйкес, төрағалық ресми түрде Әзербайжаннан Қазақстанға өтті.

"Алдағы екі жыл бойы Қазақстан одаққа төрағалық етеді. Бұл – әріптестікті нығайтуға, бірлескен бастамаларды дамытуға және елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге бағытталған үлкен жауапкершілік. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында маңызды жобаларды жүзеге асырып, курорттар арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердегі тау туризмінің дамуына елеулі үлес қоса алатынымызға сенімдімін", – деді Shymbulak тау курортының бас директоры, одақтың жаңа төрағасы Ринат Абдрахманов.

Түркі тау шаңғы курорттары одағының II саммиті "Шыңдардан өркендеуге: түркі мемлекеттеріндегі тау және тау шаңғы курорттарын бірлесіп дамыту және оларды жаһандық туризм жүйесіне интеграциялау" тақырыбы аясында өтті. Оған тау және тау шаңғы курорттарының басшылары, сондай-ақ Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркияның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Еске салайық, одақ 2024 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен құрылған болатын. Оның негізгі мақсаты – ұйымға мүше елдердің курорттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және түркі өңірін тау және қысқы туризмнің біртұтас халықаралық бағыты ретінде ілгерілету. Қазіргі таңда оған Әзербайжан, Қазақстан, Өзбекстан және Түркиядағы тоғыз тау және тау шаңғы курорттары кіреді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау