Бүгін Шымбұлақта дәстүрге айналған ашық аспан аясындағы Shymba Morning Rave таңғы рейвтері бастау алды. Ол бірнеше жылдан бері үздіксіз өткізіліп келеді және алматылықтардың сүйікті шараларының біріне айналып үлгерді.
Бұл іс-шара тау бөктерінде демалуды, заманауи музыка мен салауатты өмір салтын ұнататын жандарды бір арнаға тоғыстырады. Биылғы маусымның бірінші шарасында рейвке қатысушылар күнін қызықты бастап қана қоймай, түрлі сыйлықтарға ие болды.
Shymbulak маркетинг бөлімінің басшысы Сабина Балтабаеваның айтуынша, бұл шара курорт қонақтарының да, команданың да асыға күтетін ерекше іс-шараларының бірі.
"Рейв болатын күндері курорттың Шымбұлақ бас станциясы ашық аспан астындағы үлкен би алаңына айналады. Қонақтар таңды DJ-сеттердің сүйемелдеуімен қарсы алып, би билеп, тау сұлулығана тамсана отырып кофе ішіп, қаланың қарбаласынан демалып ерекше күн өткізе алады", – деді ол.
Биыл Shymba Morning Rave бүгін – 16 шілдеден басталып, бір ай бойы әр бейсенбі сайын сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін өтеді.
Әуесқой шаңғышы Сергей Апенко Шымбұлақта жаңа рекорд орнатты
Шымбұлақта 75 дрон тәулік бойы бақылау жүргізеді