Тікелей эфир

"Қазақстан темір жолы" кей пойыздардың кешігіп жүретінін ескертті

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі кей бағыттағы пойыздардың кешігіп жүретінін хабарлады. 

Компания мәліметінше, жол жөндеу жұмыстарына байланысты белгілі бір телімдерде пойыздар қозғалысының жылдамдығы кестеде көрсетілген жылдамдықтан өзгеше болады.

Осы орайда келесі пойыздар өз кестесінен кешігіп жүруі мүмкін:

  •  Астана – Алматы;
  • Алматы – Петропавл;
  • Шымкент – Астана;
  • Жезқазған – Алматы;
  • Алматы – Орал.

Оқи отырыңыз: Қытайға қарай "Аягөз – Бақты" темір жолы іске қосылады


"Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды өтінеді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ ауқымды жөндеу жұмыстары аясында пойыздар қозғалысы кестесін сақтау бойынша күнделікті шаралар жүргізуде", – делінген хабарламада. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары