Қазақстан – шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір – Қасым-Жомарт Тоқаев

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
Соңғы бес жылда Қазақстанның ұлттық экономикасы 15,8 пайызға өсті.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Президент кездесуде ел экономикасының дамуына қосымша серпін беру үшін қолға алынған маңызды жобалар туралы айтты. 

"Соңғы бес жылда ұлттық экономика 15,8 пайызға өсті. Биылғы өсім 6 пайыздан асты. Бұл – 2012 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім 47 пайызға артты. Алтын-валюта резерві және Ұлттық қор активтерінің көлемі рекордтық межеге жетіп, 125 миллиард доллардан асты. Биыл "Достық – Мойынты" теміржолының екінші желісі мерзімінен бұрын іске қосылды. Бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы. Бірнеше айда осы жолмен қосымша 6 миллион тонна жүк тасымалданды. Қазір "Мойынты – Қызылжар" бағытында теміржол салынып жатыр", – деді президент. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның шығыс пен батыстың арасындағы алтын көпір екеніне тоқталды. 

"Біз бұл мүмкіндікті ұтымды пайдалануымыз қажет. Осы жылы 13 мың шақырым автокөлік жолы салынып, жөнделуде. Әуе қатынасын дамыту ісіне де баса мән беріліп жатыр. Әлемнің ірі қалаларымен тікелей қатынас орнатылып жатыр, 36 жаңа әуе рейсі ашылды. Осылайша, Қазақстан Еуразия құрлығындағы транзит хабы ретінде қалыптасуы әбден мүмкін. Бұл – стратегиялық маңызы бар мақсат. Сондай-ақ интернет еліміздегі азаматтардың 90 пайызына қолжетімді болды. Қазақстан – Starlink желісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет", – деді мемлекет басшысы. 

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары