Компания зиян шеккендерге қандай көмек көрсетілетінін айтты.
"Қазақстан" шахтасында апат кезінде жоғалған үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақыттың оның кім екені анықталып жатыр, деп хабарлайды "АрселорМиттал" компаниясының баспасөз қызметі.
"Үшінші кеншінің денесі табылды. Қазіргі уақытта анықтау жүргізілуде. Марқұмның әріптестері, компанияның бүкіл ұжымы мезгілсіз қайтыс болған жолдастың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", – делінген хабарламада.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаза тапқан кеншілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
"Көмекке мыналар кіреді:
- жерлеуге байланысты шығындарды жабу;
- қайтыс болған жұмысшылардың он жылдық жалақысы мөлшерінде отбасына біржолғы төлем;
- 18 жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы сақтандыру төлемі (бала студент болса, 23 жасқа дейін);
- 23 жасқа толмаған балалардың алғашқы күндізгі оқу нысанындағы оқуына және оған байланысты барлық шығыстарға ақы төлеу;
- жоқ адамдарға тұрғын үй сатып алу немесе ол үшін біржолғы өтемақы;
- қолданыстағы тұрғын үйді жөндеуге ақы төлеу;
- ипотекалық төлемдердің белгілі бір бөлігін жабу;
- серіктестік кәсіпорындарында әйелдер мен балаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- әйелдер мен балаларға арналған санаторийлер мен балалар лагерлеріне жыл сайынғы жолдамалар.