Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 2,76 теңгеге төмендеп, 467,98 теңге болды.
Ал Қазақстан Ұлттық банкінің 8 шілдеге белгіленген ресми доллар бағамы 471,04 теңге деңгейінде сақталып отыр.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматы қаласындағы ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 468,44 теңге, ал сату бағамы 470,59 теңгені құрайды.
Астанада айырбастау пункттері долларды орта есеппен 466 теңгеден сатып алып, 473 теңгеден сатып жатыр.
Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 468,96 теңге, ал сату бағамы 471,11 теңге болып отыр.