Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 4,02 теңгеге қымбаттап, 501,26 теңге болды. Ал Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам — 496,85 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 500,37 теңгеден сатып алынып, 503,59 теңгеден сатылып жатыр. Еуро 588,79–594,62 теңге аралығында, ал рубль 6,43–6,55 теңге шамасында саудаланып жатыр.
Астанадағы айырбастау орындарында доллар 497,00 теңгеден сатып алынып, 504,00 теңгеден сатылуда. Еуроның сатып алу бағамы — 584,00 теңге, сату бағамы — 594,00 теңге. Рубль 6,43–6,75 теңге аралығында ұсынылуда.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13