Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 2 теңгеге төмендеді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Қазақстанда доллар арзандады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 501,02 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,02 теңгеге төмен.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 30 қаңтарға белгіленген ресми доллар бағамы — 503,17 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен 501,08 теңге, ал сату бағамы 503,32 теңгені құрап отыр.

Астана қаласында айырбастау орындары долларды шамамен 499 теңгеден сатып алып, 506 теңгеден сатуда. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 501,65 теңге болса, сату бағамы 503,78 теңгеге жеткен.

Серіктестер жаңалықтары