Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы өткен аптада KASE-де теңгенің долларға шаққандағы нығаюын түсіндірді.
"Теңгенің динамикасына бір мезгілде мұнай бағасының өсуі, экспорттаушылардың тоқсандық салық кезеңіне дайындықтың басталуы, сондай-ақ Ұлттық қор қаражатын айырбастау арқылы шетел валютасын сату сияқты факторлар әсер етуі мүмкін", – деп болжады сарапшылар.
Оқи отырыңыз: Экономист Мақсат Халық Ұлттық экономикалық модель құру туралы: Алаш идеясына негізделген бағдарлама керек
Жұманың қорытындысы бойынша, Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 3,21 теңгеге түсіп, бір доллар үшін 447,08 теңгені құрады.
"Доллар-теңге жұбы бойынша сауда көлемі айтарлықтай өсіп, 253,8 млн долларды (+58,1 млн) құрады", – деп атап өтті қауымдастық.
USD:
511.3 / 515.3
EUR:
594.5 / 599.5
RUB:
6.29 / 6.49