Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанда президент жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды. Ол президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып саналады, деп хабарлады Ақорда сайты.
Жарлыққа сәйкес, Ұлттық құрылтай төрағадан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады. Төраға – Қазақстан президенті.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеңесшісі Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болып табылады. Сондай-ақ, Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.
Ал Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болады.
Оқи отырыңыз: Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтеді
Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай туралы ережемен Ақорда сайтында танысуға болады.
USD:
489.3 / 492.1
EUR:
567.5 / 572.5
RUB:
6.17 / 6.29
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…