USDUSD: 508.7 / 511.5
  • EUREUR: 558.5 / 565.5
  • RUBRUB: 5.89 / 6.01
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қазақстан мен Марокко арасындағы визасыз режим күшіне енді

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
Бұл Қазақстан үкіметі бекіткен екіжақты келісімнің арқасында мүмкін болды.

Қазақстан мен Марокко арасындағы визасыз режим 19 наурыздан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі.

Екі елдің азаматтары бір ай бойы төлқұжаттарына визалық мөртаңба басқызбай бір-біріне бара алады.

"Бұл Қазақстан үкіметі бекіткен екіжақты келісімнің арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар, төлқұжаттардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай жарамды болуы керек. Құжат Қазақстан мен Марокко азаматтарына 180 күн ішінде елде болу мерзімі 30 күннен аспаса, визасыз әр елдің шекарасынан еркін өтуге мүмкіндік береді", – делінген қаулыда.

Екі елдің Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері 2024 жылғы қыркүйекте өзара визасыз саяхат туралы келісті.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары