Тікелей эфир

Қазақстан Париж Олимпиадасына қатысуға ресми түрде шақыру алды

Олимпиада ойындары 2024 жылғы 26 шілде мен11 тамыз аралығында Парижде өтеді.

Қазақстан 2024 жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға ресми түрде шақыру алды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Париждегі XXXIII жазғы Олимпиадаға ресми түрде шақыру алғанын хабарлайды. Ресми құжатты халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне жолдады", – делінген хабарламада.

Олимпиада ойындары 2024 жылғы 26 шілде мен11 тамыз аралығында Парижде өтеді.

Серіктестер жаңалықтары