Тікелей эфир

2024 жылғы Париж Олимпиадасына билеттер сатыла бастады

Билет бағасы 24 еуродан басталады.

Қазақстан спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Парижде өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада билеттерінің сатылымы басталды. Ақпаратқа сәйкес, жанкүйерлер сатылымның алғашқы кезеңінде Make Your Games ("Өз ойындарыңды жинақта") атты билет пакетін алу арқылы өзіне қолайлы бағдарлама жасақтай алады.

Ол үшін келесі шарттарды орындау керек:

  • 2023 жылғы 31 қаңтарға дейін тіркеуден өту;
  • 31 қаңтардан кейін толық тізім жасақталады. Егер өтініш лотереяда таңдалса, Make Your Games билет пакетін сатып алу. 

2023 жылғы 13 ақпанда тіркелген жанкүйерлер арасында жеребе өтеді. Бұл жайлы хабарлама әр адамның тіркеу кезінде көрсетілген электронды поштасына келеді. 

Ескерту: хабарлама алған азаматтар 48 сағаттың ішінде электронды поштаға келген сілтемені ашып, хатты алғанын растауы керек. Кейін билетті таңдап,15 ақпаннан 15 наурызға дейін сатып алу қажет. 

Make Your Games пакетіне жекелеген 3 сайыстың билеті кіреді.

Ал билетті жеке-жеке сатып алу үшін келесі шарттарды орындау қажет:

  • 2023 жылғы 1 наурыз бен сәуірдің аяғына дейін тіркеуден өту;
  • 2023 жылғы мамырдың басынан бастап билет алу. 

Make Your Games билет пакеті 72 еуро, ал жекелеген билет бағасы 24 еуро тұрады. Айта кетейік, "Өз ойындарыңды жинақта" сынды пакет олимпиада ойындары тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. 

Серіктестер жаңалықтары