Қазақстан өңірлерінде қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын күтіледі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Таулы аймақтарда жел 30 м/с-тан асады.

20 ақпанда Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райы күрт құбылып, боран, қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, бірқатар облыстарда жел күшейіп, оның екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Әсіресе, Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасуы ықтимал.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында да тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Таулы өңірлерде желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін. Кей облыстарда қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Синоптиктер жол қозғалысына қатысушылар мен алыс сапарға шығатын азаматтарды барынша сақ болуға шақырады. Ауа райының күрт өзгеруі көлік қозғалысына және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз