Қазақстан мұғалімдері жайында деректі фильмдер сериясы жарыққа шықты

Қазақстан мұғалімдері жайында деректі фильмдер сериясы жарыққа шықты
Жобаға елдің үш өңірінің мұғалімдері қатысқан.

Ұстаздар күні қарсаңында Қазақстан педагогтерінің тың тәжірибесі мен түрлі бастамасы жайлы баяндайтын Mugalim қысқа метражды деректі фильмдер сериясы жарық көрді. 

Деректі жобаға Қазақстанның үш өңірінің мұғалімдері қатысқан. 

Түркістан облысындағы Шұбарағаш шағын жинақты мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақсәуле Жақыпбекова шахматты мектеп пәндерімен ұштастыра отырып, балалардың логикасы мен ойлау қабілетін дамытып келеді. Мұғалім балалардың қызығушылығын мектеппен ғана шектемей, ата-аналарды да шахмат ойнауға тарта бастаған. 

Ал Қостанай облысының тумасы Степан Галкин тұратын ауылда небәрі төрт жүзге жуық адам тұрады. Ал жергілікті мектепте 40-қа жуық бала білім алады. Өзі білім алған мектепке физика және математика пәні мұғалімі болып оралған Степан ауыл балаларының ғылымға деген қызығушылығын арттырып, елді-мекеннің тыныс-тіршілігіне жаңа дем беруге барын салып жүр. 

Педагог мектепте баскетбол секциясының ашылуына себепкер болып, жергілікті шаруалардың қолдауымен балалардың жарыстарға қатысуына ықпал еткен. Нәтижесінде оқушылар түрлі турнирлерден жүлдемен оралып жүр. Оның пікірінше, ауыл балалары үшін жағдай жасап қана қоймай, сол жерде еңбек етуге дайын мұғалімдерді тартудың да маңызы зор. 

"Мектептің жұмыс істеуі үшін кадр қажет. Бір жыл істеп, артынан кетіп қалатын мұғалімдер емес, өз ісіне жаны ашитын, шынымен де өзгеріс жасағысы келетін мамандар керек. Сонда ғана біз ортақ күшпен мектебімізді дамыта аламыз, беделін көтере аламыз", – дейді Степан Галкин.

Ал Сәтбаев қаласындағы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Дана Абельдинова пікірсайыс арқылы оқушылардың сыни ойлауын, тілдік машығын және өзіне деген сенімін дамытуға көңіл бөледі. Дана Абельдинованың ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқанына 13 жыл болған. Осы уақыт ішінде ол оқушыларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде пікірсайысқа дайындайтын "Көзқарас" дебат клубын құрып, дамытып келеді. Оның айтуынша, пікірсайыс оқушыны өз бетінше ойлануға, өз ұстанымын нақты жеткізуге және оны дәлелдей білуге, көпшілік алдында сөйлеуге, сондай-ақ күрделі жағдайлардан жол табуға үйретеді. 

"Баланың үздік маман болуына да, өз ісін нашар атқаруына да титтей болса да мұғалімнің ықпалы тиюі мүмкін. Сондықтан педагог ретінде баланың дұрыс тұлға болып қалыптасуына барынша үлес қосқым келеді. Көкжиегі кең, ойлау қабілеті жоғары, тығырықтан жол таба білетін, өз ойын дәлелдей алатын балалар – ертең елдің тұтқасын ұстайтын азаматтар", – дейді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дана Абельдинова.

Фильмдер қазақстандық Bilim Group EdTech экожүйесінің бастамасымен түсірілген. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау