Мұғалімдерге 18:00-ден кейін жазуға тыйым салына ма? Министр жауап берді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Шұғыл жағдайда мұғалім ата-анамен байланысады.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді сабақтан кейін ата-аналардың WhatsApp чаттарында қажетсіз сұрақтармен мазаламауға қатысты ұсынысын түсіндірді.

Министрдің айтуынша, педагогтер сабақ аяқталғаннан кейін де келесі күнге дайындалып, басқа да жұмыс атқарады. Сондықтан шұғыл жағдай болмаса, ата-аналар мұғалімдерге кешкі уақытта қажетсіз сұрақтармен хабарласпағаны жөн.

"Менің үндеуім – ұстаздарымыздың жеке өмірі бар екенін, олардың күнделікті уақыты бар екенін ескеруге шақыру. Одан бөлек, ұстаздар келесі күнге дайындалып келуі қажет", – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр ата-аналарға мұғалімдерге 18:00-ден кейін хабарласпау ұсынысы айтылғанын атап өтті. Алайда бұл барлық мектепке ортақ қатаң шектеу емес. Себебі кей мектептерде екінші ауысым кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сондықтан ата-аналар мен педагогтер арасындағы байланыс уақыты білім беру ұйымының жұмыс тәртібіне қарай белгіленуі мүмкін.

Жұлдыз Сүлейменова кешкі уақытта мұғалімге хабарласқан ата-аналарға айыппұл салу жоспарланбағанын айтты.

"Ондай ата-аналарға айыппұл қарастырылмаған. Ондай ойымызда жоқ. Бұл жерде қоғамдық әдеттің, этиканың жаңа нормасын қалыптастыру туралы ұсынысым болды", – деді министр.

Министрдің айтуынша, шұғыл жағдай туындаған кезде педагог ата-анамен байланысып, мәселені шешуге көмектеседі. Ал күнделікті сипаттағы сұрақтарды мұғалімнің жұмыс уақытында қойған дұрыс. Осылайша, министрдің ұсынысы ата-аналарға кешкі уақытта педагогтерге хабарласуға заң жүзінде тыйым салуды емес, мұғалімнің жұмыс және жеке уақытын құрметтеуге бағытталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау