Тікелей эфир

Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір теміржол өткелі ашылады

Қазір жұмыс істеп тұрған Достық және Алтынкөл өткелдерінің қатарына Абай облысында Бақты қосылады.

Қазақстан мен Қытай арасында жүк тасымалына арналған үшінші теміржол өткелін салу жоспарланып отыр. Ол Абай облысында Бақты – Тачен автомобиль өткізу пункті ауданында салынбақ. Бұл туралы Ашық НҚА порталындағы Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

Бақты өткелі Абай облысының Үржар ауданы мен ШҰАА Тачэн округінің Тачэн қаласын байланыстырады. Өткелдің Қытай жағындағы атауы – Покиту. 

Көлік министрлігінің түсіндіруінше, бұл мемлекет басшысының тапсырмасы және "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында қолға алынған жоба. 

Жаңа теміржол өткелі тәулік бойы жұмыс істейді және халықаралық жүк тасымалын жеңілдетеді. 

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қытай арасында екі теміржол өткізу пункті (Достық және Алтынкөл) мен бес автомобиль өткізу пункті жұмыс істейді. Олар: Қорғас, Қалжат, Достық, Бақты, Майқапшағай. 

Еске салайық, бүгіннен бастап қазақстандықтар Қытайға визасыз бара алады


Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар бүгіннен бастап Қытайға визасыз бара алады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары