Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім бүгін, 10 қарашадан бастап күшіне енді. Бұл датаны бұған дейін Сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын.
Құжатқа 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылды. Келісімнің 1-бабына сәйкес, екі елдің азаматтары бір-біріне жеке шаруаларымен, емделу үшін, туризм мақсатында, іскери сапарлармен барған жағдайда виза талаптарынан босатылады.
Дегенмен, уақыт бойынша шектеу бар. Азаматтар келесі елде бір сапар барысында 30 тәуліктен артық бола алмайды. Ал 180 күнтізбелік күн мерзім ішінде келесі елде болу ұзақтығы 90 күннен аспауы тиіс.
Сондай-ақ, визасыз режим азаматтардың барған елінде жұмыс істеуіне, білім алуына және миссионерлік қызметпен айналысуына мүмкіндік бермейді.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Қытайға 30 күннен аспайтын мерзімге визасыз бара алады